login
print

ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ECCUM- МАТЕМАТИКАЛЫҚ ИНЖИНИРИНГ МАГИСТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАУ

3346/001-001

 

Үйлестіруші – University of Santiago de Compostela, Испания

 

 

СИПАТТАМА

Инженерлік математика ғарыштық-авиациялық техникадан электроникаға дейін, машина жасаудан информатикаға дейін, машина жасаудың барлық  салаларының негізін қалайды.

 

ЖОБАНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

  • жоғары технологияларды Өзбекстан және Қазақстанның өндірістік, экономикалық әлеуетін нығайту мақсатында қолдану қажеттігі;
  • мамандардың жетіспеушілігі, осы саладағы технологиялар туралы нашар хабарландырылу;
  • математика бойынша білім беретін бағдарламалардың практикалық нәтижелерінің аздығы;
  •  осы салада оқытушылар үшін ынтымақтастық алаңының жоқтығы;
  • ЖОО-нан бөлек әрекет ететін өндіріс және ғылыми-зерттеу мекемелері мен ЖОО өзара әрекеттесуінің жеткіліксіздігі, бұл ғылыми-зерттеулерді іске асыруды тежейді және ЖОО бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау әлеуетін төмендетеді.

 

ECCUM ЖОБАСЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

  • математикалық инженерия бойынша пәнаралық магистерлік бағдарлама (біліктілік дескрипторлары, оқу бағдарламасы, оқу жоспары);
  • серіктес елдің әр университетінде есептеу орталықтарын құру; кәсіби даму, қашықтан оқу мақсатында мүдделі сыртқы тараптар үшін (жоо, компаниялар, ғалымдар) қосылуға мүмкіндік беретін веб-алаңдар;  
  • зерттеулер мен оқытудағы ынтымақтастық;
  •  жасалған магистерлік бағдарлама курстарының 30%-ы ағылшын тілінде оқытылады;
  • жаңа бағдарламалық жасақтаманы енгізуге байланысты оқытушыларға жаңа бағдарламамен жұмыс істеумен қатар ағылшын тілінде оқытудың жаңа педагогикалық машықтарын  үйрету адам ресурстарын үздіксіз дамытуға ықпал етеді.

Математикалық инженерияны оқытуға ЕС көзқарасын қолдану, пәнаралық бағдарлама жасау жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуетін күшейтеді. Әр серіктес елдегі жергілікті мүдделі тараптардың сұранысын талдаужоғары білімнің өзектілігін және сапасын көтереді. Жасалған бағдарлама Болон үрдісінің ұстанымдарын іске асыруға ықпал етеді. Жобаның кең әсер етуі серіктес елдердің индустриялық-инновациялық дамуына көмектеседі, себебі инжиниринг қоршаған ортаны қалыптастыру және жетілдіру өнері.